09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм канал бұғатталды

|
Photo: Фото: ІІМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм канал бұғатталды

|
Photo: Фото: ІІМ

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

«Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗