05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Енді бетінде туабітті ақауы бар балалар мемлекет есебінен ота жасата алады - депутат

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Енді бетінде туабітті ақауы бар балалар мемлекет есебінен ота жасата алады - депутат

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Енді елімізде бетінде туабітті ақауы бар балалар реконструктивті-косметикалық операцияларды мемлекет есебінен жасата алады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Енді туабітті бет-жүз ақаулары бар балалар – ірі гемангиомалармен, тамырлық мальформациялармен, ерін мен таңдай жырығымен және басқа да айқын аномалиялармен туған балалар – реконструктивті-косметикалық операцияларды мемлекет есебінен ала алады.

Біз осындай бастама жасап, заңға тиісті түзету енгіздік», - деп жазды депутат Telegram-дағы арнасында.

Аймағамбетовтің айтынуша, бұрын мұндай оталар жиі «эстетикалық» деп саналатын және көп жағдайда қаржыландырылмайтын. Сол себепті ата-аналар қаражатты өздері іздеуге мәжбүр болатын. Көп жағдайда «Қазақстан халқына» қоры қосымша көмек көрсететін.

«Ал шын мәнінде, мәселе сыртқы келбетте емес – баланың тыныс алуында, тамақтануында, көруінде және ең бастысы – оның психологиялық жағдайында. Халықаралық тәжірибе де мұндай шешімдердің маңызын дәлелдейді.

Осындай бағдарламалар жыл сайын мыңдаған балаға еркін жымиып, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.

Енді бұл мүмкіндік қазақстандық балаларда да бар. Бұл – жай ғана медициналық шара емес, бұл – адамның қадір-қасиетін қорғау, әлеуметтік әділдік және ең әлсіз жандарға деген қамқорлықтың көрінісі», - деді депутат.

Асхат Аймағамбетов ендігі басты міндет осы норманың уәкілетті орган тарапынан нақты және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗