Референдум-2026

Елордалық спортшы дүниежүзілік универсиадада қола жүлдегер атанды

21 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық спортшы дүниежүзілік универсиадада қола жүлдегер атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көркем гимнастикадан сынға түскен елордалық Айбота Ертайқызы таспа жаттығуында үздік үштіктің қатарына енді.

Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы саналатын Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс жүлдені бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді.