Елордалық полицейлер заңсыз жұмыс істеген цехтан 22 тонна ет тәркіледі
25 қаңтар, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада заңсыз жұмыс істеген цехтан тәркіленген ет иттерге берілетін болады, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ветеринарлық-санитарлық нормалар сақталмаған цехтан 22 тонна ет тәркіленді.
«Полиция, ветеринарлық қызмет және басқа да ведомстовалардың қатысуымен комиссия отырысы өтті. Онда өнімді 3 мыңға жуық ит ұстайтын «Стоп-отлов» жеке қорының паналау орнына беру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Алдағы уақытта өнім термиялық өңдеуден өтіп, жануарларға арналған азық ретінде пайдаланылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Биыл елордадан 1 400 азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады
6 қыркүйек, 2026
Астанада Жамбыл облысының креаторлары 8,6 млн теңгенің өнімін сатты
5 қыркүйек, 2026
Елордада Bala Fest-2026 ауқымды балалар фестивалі өтті
5 қыркүйек, 2026
Астанада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел өтті