Бүгін Байқоңыр ауданында А.Бараев көшесінің бойында маршруттық автобустың төбесі жана бастаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өрт туралы хабарды қабылдап, сонда жетіп, өртті барлап, жалынды сөндіру үшін өрт сөндіру командасына небәрі 9 минут қажет болды», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ТЖМ өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.