10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде әскерилердің ас мәзіріне ет пен бауырсақ қосылмақ

|
Photo: Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде әскерилердің ас мәзіріне ет пен бауырсақ қосылмақ

|
Photo: Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Ұлттық ұлан әскерилердің тамақтану рационына ет, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Бұл бастама ұлттық асхананы насихаттау және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында көтерілген. Рационға ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе және бауырсақ қосу ұсынылып отыр.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин мәдени бірегейлікті сақтауға бағытталған маңызды қадам екенін айтады.

«Әскерилердің ас мәзіріне ұлттық тағамдарды енгізу – жай ғана жаңашылдық емес, бұл жауынгерлердің рухын нығайтады», – деді Еркебұлан Хамидуллин.

Ұсынылған өзгерістер Қазақ тағамтану академиясымен алдын ала келісілген.

Ұлттық ұланның мәлімдеуінше, мұндай тағамдар зат алмасуды жақсартып, иммунитетті нығайтуға және ауыр физикалық жүктемеден кейін күшті қалпына келтіруге көмектеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗