06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстаннан 40 сәйгүлік қатысады

|
Photo: Фото: worldnomadgames.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстаннан 40 сәйгүлік қатысады

|
Photo: Фото: worldnomadgames.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі бәйгеден еліміздің атынан 40 тұлпар қатысады. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде 24 тұлпар таңдап алынды. Ал қалған жүйріктер осыған дейінгі көрсеткіштері арқылы жолдамаға ие болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Маңғыстаулық атбегі Әлеке Досқуатұлының баптауындағы Ғасыр – дүбірлі додаға жолдама алғандардың бірі. Ол Павлодарда өткен іріктеуде алдына қара салмай, бәйгенің жеңімпазы атанды. Енді бапкер осы нәтижені байрақты бәсекеде қайталауға ден қойып отыр.

Айтулы бәсекеде құнан бәйге 11, аламан бәйге 25, топ бәйге 18 шақырымға созылады. Ал жорға жарыс 9 шақырымда жарысады. Қазір қазақ атбегілер ғана емес, көрші елдер де дәстүрлі бәйгеге тыңғылықты дайындалып жатыр.

Айта кетейік, шетелдік командалар бәйгенің әр түріне тек 3 тұлпардан қоса алады.

Әлем көз тіккен байрақты бәсекеде ұшқыр бәйгенің 3, ал дәстүрлі бәйгенің 4 түрі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗