Бектенов: Туристік саланы дамыту – Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында

Бүгін, 10:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бектенов: Туристік саланы дамыту – Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту мәселелері қаралып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Туристік саланы дамыту мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында.

Президент Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте туризм инвестициялық тартымдылықтың өте маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ол үшін жұрт жаз айларында ғана емес, жыл бойы демалатындай жағдай жасап, тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ Kazakh Tourism Development АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Жетісу облыстарының әкімдері баяндама жасайды.