Қазақстандық өзін шетелден экстрадициялау үшін жұмсалған 1,7 млн теңгені мемлекетке қайтарды
2 қазан, 2025
Фото: freepik.com
Мемлекетке келтірілген 1,7 млн теңге көлеміндегі процестік шығындар қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Құзырлы органның мәліметінше, халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылдың шілде айында Грузияда ұсталған.
Оны Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығынды өтеу туралы талабы толық қанағаттандырылған.
«Бүгінгі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Астана су қоймасында жел айдап кеткен екі серфингші құтқарылды
8 мамыр, 2026
Франкфуртқа ұшап бара жатқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
8 мамыр, 2026
Астанадағы өрт кезінде 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды
7 мамыр, 2026
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді