03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақконцерт әртістері Чехияда өнер көрсетті

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақконцерт әртістері Чехияда өнер көрсетті

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Чехияның «Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Әлемнің белді сахналарының бірінде қазақстандық және әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды.

Концерт халықаралық аренада еліміздің мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі.

Еліміздің жетекші музыкалық ұжымдарының бірегейі – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген кәсіби музыканттардан құралған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗