Референдум-2026

Атана әуежайының Т2 терминалы алдындағы негізгі кіреберіс қайта ашылды

Бүгін, 17:49
Думан Аманжол Думан Аманжол
Атана әуежайының Т2 терминалы алдындағы негізгі кіреберіс қайта ашылды
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астана халықаралық әуежайының Т2 терминалының жолаушыларды отырғызу және түсіру аймағына апаратын негізгі кіреберісі қайта ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына сілтеме жасап.

Енді автокөліктер жабық автотұрақ пен LRT станциясының арасындағы негізгі жол арқылы еркін қатынай алады. Бұл жолаушыларды жеткізу мен күтіп алуды бұрынғыдан да ыңғайлы етеді.

Әуежай әкімшілігі жүргізушілерге қолайлы болу үшін қозғалыстың жаңартылған сызбасын пайдалануға кеңес берді.

Сондай-ақ әуежай өкілдері жөндеу жұмыстары кезінде танытқан түсіністік пен қолдау үшін жолаушыларға алғыс айтып, баршаға жайлы сапар мен сәтті жол тіледі.

Еске салсақ, тілшіміз елорда әуежайының өткеніне үңіліп, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағытына шолу жасаған еді.