Мектеп оқушылары ерекше бейнебаян түсірді
23 қазан, 2024
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астананың №58 мектеп-гимназиясының оқушылары Республика күніне орай «Сәлем саған туған ел» әнін орындап, ерекше бейнеклип түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Бейнеклип елорданың көрікті орындарында түсірілген.
«Қазір цифрлы технологияның дамыған кезеңі. Біз соның оңтайлы тұсын өзімізге пайдалануға тырысамыз. Мектебімізде өнерге жақын балалар көп. Олар маған осы ұсынысты айтқаннан кейін қолдай кеттім», - деді №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртазақызы.
Айта кетейік, мұндай сапалы клипті мектеп ұжымы әр мерекеде оқушылармен түсіруді дәстүрге айналдырып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
28 желтоқсан, 2025
Астанада шығармашылық взводтың сарбаздары ант қабылдады
28 желтоқсан, 2025
Астанада №16 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 желтоқсан, 2025
«Күміс волонтер»: елордада үздік волонтерлер марапатталды
28 желтоқсан, 2025
Астанада ҚХА құрылымының 30 жылдығы аясында жылдың қорытындысы шығарылды