Астанада «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру бағыттары талқыланды
Елорданың Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Дәрісті «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Әділхан Дүйсебек өткізді.

Дәріс барысында «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі бағыттары: «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында заң мен тәртіпті сақтау тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі екені атап өтілді.