Астанада Жамбыл облысының креаторлары 15 млн теңгеден астам өнім сатты
Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Жамбыл облысының «Асқақ рухты Әулиеата» креативті жәрмеңкесі аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам барды. Іс-шара қорытындысында Жамбыл облысының креаторлары 15 млн теңгеден астам өнімді сатты.

Жәрмеңкеде қолөнер шеберлерінің бұйымдары, ұлттық киімдер мен зергерлік әшекейлер, авторлық брендтер, кітаптар, картиналар, мүсіндер мен фототуындылар қойылды. Сонымен қатар көпшілік ұлттық мәдениет пен білімді заманауи цифрлық технологиялармен сабақтастырған IT-жобалармен танысты. Олардың қатарында жасанды интеллект негізінде әзірленген жобалар да бар.
Ендігі кезекте Creative Aimaq жобасын Қызылорда облысы жалғастырады. Өңірдің креативті жәрмеңкесі 12-13 қыркүйекте өтеді.