Астанадағы Министрліктер үйінің жанында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
25 сәуір, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада Министрліктер үйінің жанында жол-көлік апаты орын алды. Жолдан өтіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі «Достық» көшесінде жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік апаты фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші жолда арнайы белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кетті», - деп хабарлады полиция департаменті.
Жәбірленуші қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын өте мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:59
Жамбылда тұрғын жүк көлігімен мал терілерін қалдықтарын төгіп кеткен
Бүгін, 13:03
Арыс қаласында ағайындылар синтетикалық есірткі өндірген
Бүгін, 12:32
Өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, телефон шалатын алаяқтар көбейді - МКК
10 мамыр, 2026
Астана су қоймасында жел айдап кеткен екі серфингші құтқарылды