04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада соғым FEST өтеді

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада соғым FEST өтеді

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 7-8 желтоқсан күндері Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын соғым FEST өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО тұрағында өтеді.

Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығында осы күндері елорда тұрғындарының қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, яғни Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. өнімдерді сатып ала алады.

Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Соғым FEST әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗