Елордадағы Keryen Joly сауда орталығы аумағында осы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан, Павлодар және өзге де облыстардан келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімдерін ұсынып отыр.
Сатып алушылар көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, шырындарды, тосаптарды және басқа да көптеген тауарды тиімді бағада сатып алды.
Мұндай жәрмеңкелердің өткізілуі бағаның өсуін тежеуге және жергілікті өндірушілерді қолдауға көмектеседі.
Орта есеппен, жәрмеңкеге бір күнде 7-10 мың адам келеді.
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Астанада Нан фестивалінде отандық өнімдер мен нан дәстүрлері таныстырылды
Бүгін, 16:35
Жеңіс Қасымбек мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Бүгін, 12:58
Елордада азаматтардың өтініштері омниканалды жүйе арқылы қабылданып жатыр
Бүгін, 10:59
Астанада жол жүру ақысы 150 теңгеге дейін өсуі мүмкін