10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

|
Photo: Фото: Астана қаласының Қоғамдық кеңесі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

|
Photo: Фото: Астана қаласының Қоғамдық кеңесі

Отырыста Қоғамдық кеңес комиссияларының құрамы бекітіліп, төрағалары белгілі болды, сондай-ақ кеңестің төралқасы сайланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кеңес құрамында ақпараттық-талдау жұмысы, экономика және қаржы мәселелері, әлеуметтік саясат саласындағы азаматтық қоғамның мүдделері, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық және құқықтық тәртіп, жастар мәселелері, энергия тиімділігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері бойынша 6 комиссия жұмыс істейді. 

Ақпараттық-талдау жұмысы мәселелері жөніндегі комиссияны Қоғамдық кеңестің мүшесі, Elorda Aqparat ЖШС директоры Олжас Сыдықбек басқаратын болды. Ол сондай-ақ Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына кірді.


Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Астана қаласы мәслихаты төрағасының «Астана қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Өкіміне сәйкес, елордалық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗