Астанада креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды
Астанадағы AU HUB алаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствонның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу келгендер шығармашыл жастарды, кәсіпкер әйелдерді, қоғамдық ұйымдар мен өнер адамдарының басын қосқан AU HUB креативті хаб жұмысымен танысты. Іс-шара аясында отандық брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары, әлеуметтік жобалар, шығармашылық бастамалар мен әйелдерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.
Жиын барысында креативті индустрияны дамыту, шығармашылық жобаларды коммерцияландыру, өңірлердегі тың жобаларға қолдау көрсету, шығармашыл жастарға қолайлы орта қалыптастыру және жергілікті брендтерді жаңа медиа арқылы кеңінен таныту мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ креаторлардың жобасын көпшілікке таныстырып, шығармашылық серіктестер тауып, нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтетін орта қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта креативті экономиканы дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.