Астанада кілем жуатын цехта шыққан өрт сөндірілді – ВИДЕО
8 қаңтар, 2026
Фото: ТЖМ
Бүгін түнде Астана қаласы «Сарайшық» ауданындағы Шарбақты көшесінде орналасқан кілем жуатын цехтардың бірінде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар келген сәтте цех ішінде қою түтін болған. Құтқарушылардың күшімен цехтың ішіндегі бір автокөлік пен екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
«Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде кілем жуу құрылғылары мен шатырдың ағаш құрылымдарында болған өрт толықтай сөндірілді.
Өрттің жалпы ауданы 250 ш.м. құрады.
Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты – ВИДЕО
3 қыркүйек, 2026
Астанада коттедждегі 225 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді
3 қыркүйек, 2026
Астанада екі қабатты коттедждің шатыры өртеніп жатыр
3 қыркүйек, 2026
Құтқарушылар Есіл өзеніне құлап кеткен жеңіл автокөлікті судан алып шықты