Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәрмеңкеде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет, ұн және сүт өнімдері, тәтті нан өнімдері, табиғи шырындар, варенье, джемдер және басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35 Б) өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустары жүреді.
Бұған дейін Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының бір аптадағы жағдайы қаралған болатын.