11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Биыл елордада тұрғындарға көмір сатуға арналған 17 қойма (тұйық) бар, олардың ішінде 14 сату орны жұмыс істеп тұр. Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл сату орындарында 8 көмір жеткізуші компания қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен көшесі, 6/2, Көктал, 28/2, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев көшесі, 76, Ахмет Жұбанов көшесі, 35, Дулатов көшесі, 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А, Герцен көшесі, 6Б.

Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:

• Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;

• Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;

• Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.

Еске сала кетейік, қалада «109» бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қолжетімділігі, бағасы және сату орындары туралы қажетті ақпарат алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗