24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада балалар хирургиясы бойынша халықаралық шеберлік сағаты өтті

|
Photo: Ришат Иркабаев
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада балалар хирургиясы бойынша халықаралық шеберлік сағаты өтті

|
Photo: Ришат Иркабаев

Астанада балалар хирургиясының өзекті бағыттарына арналған «Эндовидеохирургия. Перспективалар» атты халықаралық шеберлік сағаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға Жапонияның жетекші хирургтері – профессор Atsuyuki Yamataka және доцент Takahashi Junichiro қатысып, қазақстандық дәрігерлермен өз тәжірибелерін бөлісті.

Шеберлік сағатының мақсаты – балалар хирургиясында минималды инвазивті технологияларды кеңінен енгізу және отандық дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыру.

Іс-шара аясында қатысушылар эндоскопиялық және реконструктивтік операциялардың жаңа әдістерімен танысып, күрделі клиникалық жағдайларды басқарудағы халықаралық тәжірибені меңгерді.

Профессор Atsuyuki Yamataka қазақстандық мамандардың дайындығына жоғары баға берді:

«Қазақстандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі бізді өте қуантты. Тәжірибе алмасу екі тарап үшін де нәтижелі өтті. Балаларға көрсетілетін көмек сапасын арттыруда халықаралық ынтымақтастық ерекше маңызды», – деді ол.

Практикалық бөлімде мамандар бірнеше маңызды операция түрлерін егжей-тегжейлі талқылап, демонстрациялық форматта көрсетті. Соның ішінде Anderson-Hynes әдісімен лапароскопиялық пиелопластика, ПМР-ды гельдік материалмен эндоскопиялық түзету, қуықты аугментациялау, уретеронеостомия, Митрофанов әдісімен аппендиковезикостомия, сондай-ақ Peña, Swenson және K. Georgeson әдістері бойынша түрлі проктологиялық операциялар қамтылды.

Іс-шара Жапония мамандарының сапары аясында «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорының MUMKINDIK жобасы арқылы ұйымдастырылды. Қор 2013 жылдан бері ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп, медициналық мамандарға арналған оқыту бағдарламаларын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Шеберлік сағаты BI Group компаниясының 30 жылдық мерейтойына арналған әлеуметтік бастамалардың бірі болды. Жоба аясында балалар кардиохирургиясы, эндовидеохирургия және ортопедия бойынша 300 ота жасалуы жоспарлануда.

«Шетелдік мамандарды тарта отырып, балаларға күрделі оталар жасау және отандық дәрігерлерге кәсіби қолдау көрсету – біздің басты мақсатымыз. Мұндай оқыту бағдарламалары еліміздегі медициналық қызмет сапасын арттыруға зор үлес қосады», – деді «BI-Жұлдызай» қорының PR директоры Әсемгүл Мурзамбет.

Астана қаласы №2 көпбейінді балалар ауруханасының директоры Гүлнар Құлышева шеберлік сағатының нәтижелілігін атап өтті:

«Халықаралық тәжірибе алмасу балалар хирургиясының дамуына нақты серпін береді. Соңғы төрт жылда ауруханамызда 50-ден астам шеберлік сабақтары өтті. Біз үшін басты мақсат – балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын үнемі жақсарту», – деді ол.

Айта кетейік, халықаралық шеберлік сағаты тағы екі күнге жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗