Астанада 8 наурыз қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесінде гүл сатылады
Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, пісірілген нан-тоқаштар, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа өнімдерді арзан бағада сатып ала алады.
Сонымен қатар, 8 наурыз қарсаңында жәрмеңкеде гүл өнімдері сатылымға шығады – келушілер жаңа шыққан гүлдер мен мерекелік гүл шоқтарын ала алады.
Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке орындарының жанында №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары жүреді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарладық.