Астана мен Вьентьян бауырлас қала атанды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит Бірлескен мәлімдеме қабылдады.