«Astana LRT» қызметкерлеріне еңбек құқықтары мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

«Astana LRT» қызметкерлеріне еңбек құқықтары мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Сарайшық» ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Astana LRT» қызметкерлері және басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жиналысқа әкімдік өкілдері, төтенше жағдайлар басқармасы, полиция органдары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және еңбек инспекциясы қатысты.

Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.

Жобаның басшыларына қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өртке қарсы және санитарлық нормалардың талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, кездесуде қызметкерлермен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.

Бұл іс-шара - қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Еске салсақ, елімізде еңбек қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі.