25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Ақылды өндіріс»: өңдеу секторында цифрлық құралдарды енгізген кәсіпорындар үлесі артты

|
Photo: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Ақылды өндіріс»: өңдеу секторында цифрлық құралдарды енгізген кәсіпорындар үлесі артты

|
Photo: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Елімізде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қол қойған ірі өңдеуші кәсіпорындарда жасанды интеллектті енгізу жөніндегі Жол картасы аясында бірқатар іс-шаралар іске асырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңдеу секторында цифрлық құралдарды енгізген кәсіпорындардың үлесі 19 пайыздан асты. Осы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 23 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Цифрландыру павлодарлық ArInvest Energy компаниясына операциялық ретсіздіктен шығып, басқарудың жаңа цифрлық моделіне өтуге мүмкіндік берді.

Полиэтилен және полиуретанды көбікпен оқшауланған құбырлар өндіретін бұл кәсіпорын 2013 жылы құрылған. Мұнда жыл сайын 403 мың метр ППУ құбыры және 10 мыңға жуық фитинг шығарылады. Өнімнің 95 пайызы еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз етеді. Қалған бөлігі Қырғызстан мен Өзбекстан нарықтарына экспортталады. Кәсіпорында 75 адам еңбек етеді.

2024-2025 жылдары жүзеге асқан ArInvest Energy цифрландыру жобасы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығымен құрылған стратегиялық әріптестіктің арқасында мүмкін болған. Бұл әріптестік компанияның өсу әлеуетін жүйелі цифрлық трансформацияға бағыттаған негізгі қозғаушы күшке айналды.

Министрліктің мәліметінше, ArInvest Energy Қазақстандағы орта өндірістік кәсіпорынның цифрлық трансформациядағы сәтті үлгісін көрсетіп отыр. Компания Индустрия 4.0 принциптерін нақты енгізген технологиялық көшбасшыға айналып, бұл басқа отандық кәсіпорындар үшін трансформацияның үлгісі болып саналады.

«QazIndustry бізге кәсіпорынды «ақылды өндіріс» жүйесіне көшіру үшін әдістемелік, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті. Цифрландыру арқылы бізде дамуға көбірек мотивация мен мүмкіндіктер пайда болды. Өйткені өзіміздің нақты әлеуетімізді және «тар жерлерді» көре аламыз. Автоматтандыру мен ашықтық бізге әрі қарай инвестициялау мен дамыту үшін талдау жасап, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі», – деді «ArInvest Energy» ЖШС басшысы Тоғжан Сұраған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗