10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Алматыда полицейлер екі шетел азаматын қолға түсірді. Олардың мемлекетаралық іздеуде болғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 

 

Қаланың көлік полициясы департаментінің қызметкерлері «Құқық қорғау» және «Заңсыздық» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында іздеудегі азаматтарды анықтап, ұстады.

11 қыркүйекте – аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 33 жастағы шетел азаматы,
15 қыркүйекте – үш жыл бойы жасырынып жүрген, есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таратылуына қатысы бар деген айып тағылған 49 жастағы ер адам ұсталды.

«Екі адамның да жүрген жері анықталып, олар қамауға алынды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздеуді бастаған мемлекеттерге хабар берілді, экстрадициялау бойынша жұмыс жүріп жатыр», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар іс-шара барысында полицейлер қылмыстық істер бойынша іздеуде жүрген тағы 12 адамды ұстады. Бір азаматтың жүрген жерін анықтады. Ол бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗