04.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қоғамдық талқылау: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың кеңейтілген тізбесі жарияланды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Қоғамдық талқылау: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың кеңейтілген тізбесі жарияланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қоғамдық талқылау: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың кеңейтілген тізбесі жарияланды

|

Сауда және интеграция министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұйрық жобасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қазіргі тізбесін кеңейту көзделген. Бұған дейін тізбеде 19 атау болса, жаңа жобада олардың санын 33-ке дейін арттыру ұсынады.

Бұйрық жобасына сәйкес жаңартылған тізбеге қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шайды қосу көзделген. Әр позиция бизнес қауымдастықпен, кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен қосымша талқылаудан өтеді.

Тізбені уақытша кеңейтудің негізгі мақсаты – халықтың күнделікті тұтынатын басты азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін арттыру және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ӘМАТ тізбесін кеңейту – уақытша қолданылатын шара. Ол аталған тауарлардың бағасын қалыптастыру үдерісінің ашықтығын арттыруға және жоғары үстеме баға қоятын өнімсіз делдалдарды айналымнан шығаруға бағытталған. Бұл өзгерістер аталған тауарларды өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайту мен өндіріс қуатын кеңейтуге қосымша ынталандыру болады.

Тауарлардың ӘМАТ тізбесіне енгізілуі өндірушілер мен импорттаушыларды сауда желілеріне сыйақы мен ретробонустар төлеу міндетінен босатады. Бұл өз кезегінде тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге және бизнестің қаражатын өз қызметін дамытуға бағыттауына мүмкіндік береді.

Тізбеге енгізілген тауарларды өндірушілер мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларына, мәселен әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеңілдетілген тарифпен тасымалдау, коммуналдық қызметтер бойынша бекітілген тарифтер, жеңілдетілген айналым қаражаты және өзге де қолдау құралдарына қол жеткізе алады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ұсынылып отырған тізбесі:

1. Бірінші сұрыпты бидай ұны

2. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді)

3. Рожки (өлшеніп салынатын)

4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын )

6. Картоп

7. Ас сәбізі

8. Пияз

9. Ақ қауданды орамжапырақ

10. Қызанақ

11. Қияр

12. Алма

13. Қант – құмшекер

14. Күнбағыс майы

15. Сүйегі бар сиыр еті

16. Сүйексіз сиыр еті

17. Тартылған ет

18. Сүйегі бар қой еті

19. Сүйегі бар жылқы еті

20. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа)

21. Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)

22. Тауық еті (жамбасы, сирақ, тауық сан еті)

23. Тауық

24. 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт

25. Ультрапастерленген, стерилденген сүт

26. 2,5% майлылықтағы айран

27. Қаймақ

28. 5-9% майлылықтағы сүзбе

29. Қатты ірімшік

30. Сары май (тұзсыз, кемінде 72,5% майлылық, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)

31. Тауық жұмыртқасы (I санат)

32. Қара шай

33. Ас тұзы («Экстра» санатынан басқа)

Сауда және интеграция министрлігі барлық мүдделі азаматтарды, бизнес өкілдерін және сарапшыларды «Ашық НҚА» порталындағы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырады.

Бұған дейін Үкіметте азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған қолданыстағы және желтоқсан айына жоспарланған шаралар қаралған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗