Алаяқ «жеңілдетілген несие алуға көмектесемін» деп азаматтарды алдаған
20 қараша, 2025
Оңалхан Өнерхан
16 азаматты алдаған елорда тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Астана су қоймасында жел айдап кеткен екі серфингші құтқарылды
8 мамыр, 2026
Франкфуртқа ұшап бара жатқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
8 мамыр, 2026
Астанадағы өрт кезінде 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды
7 мамыр, 2026
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді