7 млн теңгеден астам қаражат: зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген әйел сотталды
Бүгінгі таңда алаяқтық заманауи қоғамның нағыз қасіретіне айналды, өйткені күн сайын телефон қоңырауларынан бастап онлайн және офлайн алаяқтыққа дейін алдаудың жаңа фактілері тіркеледі. Тіпті жақын таныстары да алдауға баратын фактілер бар, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Мәселен, Сандықтау аудандық соты көршілері мен жергілікті зейнеткерлерге алаяқтық жолмен 7 млн теңгеден астам несие рәсімдеген ауылдық елді мекендердің бірінің тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотталушы зейнеткерлермен сенімді қарым-қатынаста болып, жаңылыстыру арқылы оларға әлеуметтік төлемдер мен басқа да қызметтерді алуға көмектескені анықталды. Құжаттарына, жеке деректеріне және ұялы телефондарына қол жеткізгеннен кейін олардың хабардар етпей банк несиесін алып, алған ақшасын өз мүддесіне пайдаланып, жәбірленушілерге материалдық шығын келтірген.
«Істі қарау қорытындысы бойынша кінәлі тұлға «Алаяқтық» бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылып, оған 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура халықпен кездесулер мен мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл арқылы профилактикалық жұмыстарды күшейтуде.
Еске салайық, бұдан бұрын алаяқтар рәсімдеген кредиттерді банктер өздері төлейтінін хабарладық.