350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды
27 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген. 2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.
Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
21 тамыз, 2026
Қазақстан білім беру және таланттардың аймақтық орталығын құрып жатыр – Саясат Нұрбек
21 тамыз, 2026
Қазақстан білім беру және таланттардың аймақтық орталығын құруда – Саясат Нұрбек
21 тамыз, 2026
Қазақстан білім және жұмыспен қамтуға қолжетімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді – БҰҰ ДБ-ның тұрақты өкілі
20 тамыз, 2026
Аудиттен кейін ҚазҰУ-да бюджет гранттарына бақылау күшейтілді