19 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылды

Бүгін, 13:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
19 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылды
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Маңғыстау облысының Құрық портына Бельгия Корольдігінен жалпы салмағы 19,2 тоннаны құрайтын карантинге жатқызылған өнім - алмұрт партиясының фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел - Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді», - делінген хабарламада. 

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін және ел аумағына карантиндік нысандардың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталғанын еске салады.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіні туралы хабарладық.