100 млн теңге: Жамбыл облысында құрылыс бөлімі орындалмаған жұмыс үшін мердігерге қаражат аударған

Бүгін, 14:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
100 млн теңге: Жамбыл облысында құрылыс бөлімі орындалмаған жұмыс үшін мердігерге қаражат аударған
фото: Оңалхан Өнерхан

Меркі ауданының прокуратурасы аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бюджет қаражатын жұмсау заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Талдау нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.

Атап айтқанда, бөлім Мыңқазан ауылындағы тұрғын үй массиві үшін электр желілерін салу құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға мердігер ұйымға қаражат аударған.

«Аталған факті бойынша 30 наурызда аудан прокуратурасы ҚР ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды», - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды.