Шымкентте жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Фото: freepik.com
Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз табысталған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жергілікті атқарушы орган заң талаптарын бұза отырып, жерді пайдалану мерзімін заңсыз ұзартқан.
Сондай-ақ жосықсыз тұлғалардың жалған құжаттар негізінде жерді заңдастыру фактілері анықталды.
«2024 жылдың басынан бері қадағалау актілерін қарау нәтижесінде кадастрлық құны 747 млн теңгеден асатын жалпы алаңы 158,6 га құрайтын жер мемлекетке қайтарылды, олар заңды экономикалық айналымға тартылатын болады», - делінген хабарламада.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады