SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды
Фото: SCAT
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылғы 25 ақпанда «Өскемен – Астана» рейсі 8 сағаттан аса кешігіп, жолаушыларға тиісті қызмет көрсетілмеген. Осыған байланысты компания оларды қонақүйге орналастырмаған, - делінген хабарламада.
Тексеру нәтижесінде SCAT әуе компаниясы жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Еске салайық, егер күндізгі рейс 8 сағаттан, түнгі рейс 6 сағаттан аса кешіксе, әуекомпания жолаушыларды қонақүйге орналастыруы тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
24 қазан, 2025
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
