00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық ұланда үшжақты келісімге қол қойылды

Ұлттық ұланда үшжақты келісімге қол қойылды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында құқықтық тәртіп әскерлері мен психологиялық орталықтар арасында үшжақты келісімге қол қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, «Халық қаһарманы» генерал-майоры Қайрат Үмбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин, ҰҚК Шекара қызметі директорының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Серік Рахимов және Астана гарнизоны әскери бөлімдерінің психолог-мамандары қатысты. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кіріспе сөзінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, келісімнің бастамашысы - депутат Константин Авершинге, «Орталық Азия өңірінің когнитивтік мінез-құлық терапиясы қауымдастығының» президенті Жаннат Нұркинге және «International Academy of Emotional Intelligence» ЖШС өкілі Айгүл Абдулмановаға өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдірді.

«Әскер - қоғамның ажырамас бөлігі. Өкінішке қарай, қоғамдағы психологиялық қайшылықтар армияда да көрінеді. Біз бұл мәселені жасырмаймыз және бұл туралы ашық айтамыз. Бүгінде әртүрлі психологиялық бұзылуларды зерттеу үшін терең білім қажет. Келісімге қол қойылғаннан кейін біз ынтымақтастықты арттырамыз және аясын кеңейтеміз деп сеніммен айта аламын. Бұл мәселені Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабеков жеке өзі бақылап отыр. Біз барлық бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға дайынбыз», - деп атап өтті құқықтық тәртіп әскерінің бас тәрбиешісі.

Авершиннің айтуынша, кейінгі кездері армиядағы суицидтің көпшілігі әскерге шақырылушылар арасында емес, келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер ортасында болған. Оның пікірінше, бұл таңқаларлық жайт, өйткені келісімшарт қызметкерлері әлдеқайда еркіндікке ие, олар казармада түнемейді және отбасыларымен бірге бола алады.

«Сарбаздармен тұрақты байланыстағы офицерлер құрамымен жұмыс істеу маңызды. Өкінішке қарай, біздің әскерде психологтар өте аз. Сонымен қатар, әскери бөлімдердегі тәрбие жұмысын жүргізетін офицерлердің жалақысы өте төмен. Біз Мәжілістің қорғаныс комитетінде олардың жалақы мөлшерлемесін арттыру туралы мәселені көтергіміз келеді», - деді депутат.

Өз кезегінде меморандумға қатысушылар Ұлттық ұлан басшылығына алғыстарын білдіріп, алдағы бірлескен жұмыс жемісті болатынына сенім білдірді.