00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

30 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.

«Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді. Соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралуда.  Мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейді, бірақ онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырады», - деді ресми өкіл.

Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауына ықпал ететін себептер келесідей болуы мүмкін. Бұл:

- Жалғыздық сезімі;

- Қиын материалдық жағдай;

- Ата-аналарымен немесе туыстарымен жанжалдасу;

- Оқудағы ұрыстар;

- Ата-анасының ажырасуы;

- Жақын адамының қайтыс болуы;

- Жазаланудан қорқу және тағы басқа себептер.

Жалпы, суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесімен ғана белгілі болады.

Суицид жасау және соған әрекеттенудің 14 жағдайында кәмелетке толмағандар мас күйде болған. Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігі 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдермен жасалған.

«Осы  орайда тағы да ата-аналарға үндеу жасағым келеді. Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар.  Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар.Балалардың көңіл күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар.  Егер қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, жағдайды тез арада қолға алу қажет. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Интернетте қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретіңіздер. Балалар әлеуметтік желілерде немесе онлайн-ойындарда кездесуі мүмкін қауіптер туралы білуі қажет.  Егер олар күдікті дүниеге тап болса, көмек сұраудан қорықпауы тиіс», - деді Ш.Алекешев.