Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында ақау пайда болды


Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында ақау пайда болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жаппай ақауға байланысты келушілерге қызмет көрсету кешігіп, ұзын-сонар кезек пайда болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәліметінше, жүйе жылдамдығының төмендеуі нәтижесінде мемлекеттік органдардың Қызмет көрсету орталығының инфрақұрылымында мәселе туындады.
«Қазіргі уақытта барлық техникалық ақаулар шешіліп, орталықтар әдеттегідей қызмет көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада.
Ұйым «бір терезе» қағидаты бойынша және басқа мемлекеттік органдардың 50-ден астам ақпараттық жүйелерімен байланысқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтінін айтты.
«Осы жүйелердің кез келгенінде техникалық ақаулар немесе дұрыс жұмыс істемеу жағдайында қызметтерді көрсету процесінде қиындықтар туындайды», – делінген хабарламада.