00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Еліміздің әскери жоғары оқу орындарының оқу жоспарына өзгерістер енгізілді

31 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Еліміздің әскери жоғары оқу орындарының оқу жоспарына өзгерістер енгізілді
Фото: Қорғаныс министрлігі

2024 жылы Қазақстанда әскери оқу орындарын жаңғырту жалғасып, бұл Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін кадрлар даярлауды жақсартуға мүмкіндік берді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Өткен жылы әскери мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарындағы оқу процесі Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жоспарымен біріктірілді. Курсанттардың әскери тағылымдамадан өту уақыты ұзартылып, бұл олардың практикалық тәжірибе алуына оң әсер етті. 

Күрделі геосаяси жағдайды және қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды  ескере отырып, әскери мамандарды даярлаудың оқу жоспарлары мен бағдарламалары қайта қаралды.

Ұлттық қорғаныс университетінде жұмылдыру дайындығы факультеті ашылып, онда жоғары білікті оқытушылар түрлі мемлекеттік органдарға мамандар дайындауда.

«Оқу процесін оңтайландырудың тағы бір сәтті мысалы ретінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын атауға болады. Мұнда оқу мерзімі 5 жылдан 4 жылға дейін қысқарып, ал оқу бағдарламасы өзгеріссіз қалды», - делінген хабарламада. 

Мұндай қадам оқытудың қарқындылығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Құрлық әскерлерінің әскери институтында бітіруші курсанттарға көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, нұсқаушы-әдістемелік дағдыларды жетілдіруге, болашақ офицерлердің кәсіби шеберлігі мен физикалық деңгейін арттыруға бағытталған «Сардар» курсы енгізілді. Бұл курстың нәтижелері курсанттардың Қарулы күштер бөлімшелеріне офицерлік лауазымдарға бөлінуіне әсер етеді.