БҚО-да білім беру мекемесінің 38 қызметкері жауапқа тартылды

28 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
БҚО-да білім беру мекемесінің 38 қызметкері жауапқа тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында тексеру жүргізіп, әртүрлі саладағы заңды бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандар арасында ҚР Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамызындағы №348 бұйрығы талаптарына қайшы «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар жүргізілмеген.

Аталған сабақтарды өткізу ауданның барлық 1 200 оқушысы үшін ұйымдастырылмаған.

«Еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар да тіркелді: қызметкерлер ұжымдық шарттармен таныспаған, ал еңбек шартын бұзу кезінде белгіленген нормалар сақталмаған.

Тексеру нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.