00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Атырау облысында полицейлер жоғалған 70 малды иелеріне тауып берді

Атырау облысында полицейлер жоғалған 70 малды иелеріне тауып берді
фото: freepik.com

Биыл Атырау облысында полицейлер жоғалған 70 малды иелеріне тауып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Polisia.kz жазуынша, Атырау облысы аумағында мал ұрлығының алдын алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты полицейлер 27 қылмысты ашқан.

Сондай-ақ жоғалған 70 мал иелеріне қайтарылған. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 1 қылмыстық топ құрықталып, 7 адам ұсталды.

Атырау облысы полиция департаменті облыс көлемінде мал ұрлығы қылмысының алдын алып, ашуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруда.

Айта кетейік, мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.