Ақтауда синтетикалық есірткі сатқан адам ұсталды
17 қазан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ақтауда полицейлер синтетикалық есірткі сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жедел іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған. Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын «мефедрон» синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды.
Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
20 наурыз, 2026
Биыл әскери спортшылар халықаралық жарыстарда жүзден астам медаль жеңіп алды
20 наурыз, 2026
Бас штаб комиссиясы еліміздің батысындағы әскери бөлімдерді тексерді
20 наурыз, 2026
Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығы тексерілді
20 наурыз, 2026
Елімізде бассейндік су инспекцияларының штаты екі есе артты