Кредиттік каникул
1 қараша, 2024
Кредиттік каникул: 10 мың сарбаздың қарызы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды
Мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам сарбазға кредиттік каникул берілді. Олар банктік қарызы бойынша төлемдер кейін өтейтін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.