Айбота Ертайқызы
24 ақпан, 2023
Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды
Айбота жекелей сын мен көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ол доппен жаттығудан 19,4, таспамен жаттығудан 18,4, шығыршықпен жаттығудан 21,8, ұршықпен жаттығудан 17,5 ұпай жинады. Осылайша, қазақстандық гимнаст халықаралық бәсекені төрт алтынмен аяқтап отыр.