Әлем кубогы: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті.
Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.
Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуларда күміс медаль жеңіп алған болатын.