Спорт

Әлем чемпионаты: Денис Раструба мен Юлия Фиклистова жұбы күміс жүлде жеңіп алды

Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медаль жеңіп алды. Спортшылар финалға дейін жетіп, АҚШ-2 командасына есе жіберді. Үшінші орынды АҚШ-3 командасы иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Городко алтын мен күміс жеңіп алған еді.