Футбол: Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы тағайындалды
Әли Әлиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазақстан футбол федерациясының мәлімдеуінше, ол бұған дейін Петропавлдағы "Қызылжар" клубын жаттықтырған.
Әлиев елдегі «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Шығыс», «Ордабасы» және «Қызылжар» клубтарында ойнаған. Түркиядағы бірнеше команда құрамында болған.
Футболшы карьерасын аяқтаған соң Қазақстандағы бірнеше клубты жаттықтырған.
Еске салсақ, 27 қаңтарда бұрынғы бас жаттықтырушы Станислав Черчесов қызметінен кетті. Ресми ақпарат бойынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтаған.
Оқи отырыңыз: Қызметінен кеткен бас бапкер Станислав Черчесов несімен есте қалды