Қазақстан құрамасы шорт-тректен аралас эстафетада қола жүлдеге ие болды
Туринде өтіп жатқан қысқы Универсиадада 2000 метр қашықтықтағы аралас эстафетада Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан құрамасы сапында Алина Ажғалиева, Малика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедәлдияр Тәжібай өнер көрсетті. Команда 2:44.815 уақыт көрсетіп, мәреге үшінші келді.
Жарыстың алтын жүлдесін Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алса, күміс медаль Қытай өкілдеріне бұйырды.
Бұған дейін қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр Универсиадада қола жүлдегер атанған болатын.