Спорт

«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттер 23 қыркүйек 17:00-де шығады. 

Билеттер бағасы 30 мың теңгеден басталып, 250 мыңға дейін барады.

Бір адамға 2 билеттен артық берілмейді және төлқұжат деректері тексеріледі. Билеттер Freedom Ticketon ресми сайтында шығады. Полиция билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» клубтары 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында ойнайды. Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те басталады деп белгіленген. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)